Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
520.39 609.58 6.63

«Senat Open» II Ашық кубогы: 38 үміткер финалға жолдама алды

Бүгін, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында ІІ «Senat Open Cup – 2025» республикалық ашық шахмат кубогының жартылай финалы өтті.

Жарысқа Астана қаласы, Абай, Қарағанды, Ұлытау облыстарынан іріктеу турнирінің облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша үздік деп танылған 120 шахматшы қатысты. Ойыншылар қатарында облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес пен ардагерлер кеңесінің мүшелері, мемлекеттік қызметшілер, БАҚ өкілдері және қоғам белсенділері бар.

Жартылай финал қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған 38 шахматшыға тамыз айында Астана қаласында өтетін финалдық кезеңге жолдама берілді. Сондай-ақ, жекелеген номинациялар бойынша үздіктер марапатталды. Ал, командалық есеп бойынша озық шыққан Астана қаласының командасына арнайы «Айрықша күміс белгі» табысталды.

Кубок Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Қазақстан шахмат федерациясының бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Аймақтағы жартылай финал кезеңін өткізуді Абай облысы мәслихаты мен Қазақстан шахмат федерациясының Абай облыстық филиалы қолға алған.

«Senat Open Cup – 2025» республикалық жобасы – шахмат ойынын кеңінен насихаттауға және халықтың интеллектуалдық ойлау жүйесін дамытуға бағытталған шара.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив