Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
537.34 623.05 6.65

«Екі жұлдыз» республикалық байқауында «Шамшырақ» клубының мүшелері жүлделі оралды

2-07-2025, 08:33 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылғы 23–25 маусым күндері Өскемен қаласында зағип және көру қабілеті шектеулі жандар арасында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Екі жұлдыз» республикалық шығармашылық дуэттер байқауы өтті. Бұл мәдени іс-шара биыл Шығыс елінің ақындары мен композиторларының шығармашылығына арналды.

Республиканың әр өңірінен жиналған талантты өнерпаздар арасынан Абай облысын «Шамшырақ» клубының қос дуэті лайықты деңгейде таныстырып қайтты.

М. Қырым мен Ж. Жанұзақова өнер көрсеткен жұп «Қазағым–ай» және «Семей – жұмақ мекенім» әндерін орындап, көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Бұл жұп байқау қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды.

Ал екінші жұп – М. Алисақаров пен А. Хасенова «Шырайлы Шығыс» әнімен сахна төрінде өнер көрсетіп, тыңдарман ықыласына бөленді.

«Екі жұлдыз» байқауы – өнерге деген ынта мен жігерді оятып қана қоймай, ерекше жандардың әлеуетін ашатын, олардың қоғам өміріне белсене араласуына жағдай жасайтын маңызды алаң. Бұл додада Абай облысының қатысушылары талант пен табандылықты паш етіп, өңір мерейін үстем етті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив