Тарбағатай ауылының 100 жылдығына орай облыстық жыр байқауы жарияланды

Қазақ әдебиетіне елеулі үлес қосқан айтулы ақын-жазушыларымыздың шығармашылығын ұлықтау – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Әдебиет пен өнерді қолдау, жас ұрпаққа рухани тәрбие беру, патриоттық сезімдері мен азаматтық жауапкершіліктерін арттыру мақсатында Абай облысы, Аягөз ауданы, Тарбағатай ауылында ауылдың 100 жылдық мерейтойына орай облыстық жыр байқауы ұйымдастырылады.
📜 Байқаудың мақсаты:
-
Жергілікті қаламгерлердің шығармаларын насихаттау;
-
Жастар арасында әдебиетке деген қызығушылықты арттыру;
-
Туған жерге деген сүйіспеншілік пен рухани құндылықтарды дамыту.
📝 Байқау шарттары:
Байқау екі бағыт бойынша өткізіледі:
-
«Тарбағатай – тарих боп күрсінеді,
Өлең шығар өлкенің, мүмкін емі!»
(Тарбағатай ауылының тарихы мен табиғатын жырлау) -
Еркін тақырып
(Қатысушылар өз қалауы бойынша еркін мазмұнда жыр ұсына алады)
📅 Өткізу мерзімі:
-
Байқауға қатысу үшін өтінім мен жыр жолдарын 2025 жылғы 25 маусымнан бастап 20 шілдеге дейін Tusipov-85@mail.ru электронды пошта мекенжайына жолдау қажет.
🎖 Марапаттау рәсімі:
-
Жеңімпаздар Тарбағатай ауылында өтетін арнайы салтанатты шарада марапатталады.
-
Байқау жеңімпаздары марапаттау рәсіміне өз қаражаты есебінен қатысады.
Байқаудың толық ережесін жүктеп алсаңыз болады: