Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Абай тойы қарсаңында Қарауылда ауқымды фестиваль өтеді

8-07-2025, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында өткізілетін республикалық «Жеті қазына» мәдениет, спорт және туризм фестивалінің басты алаңы — Абай саябағы.

Бұл жерде мерейтой аясында рух пен ұлттық дәстүрді ұлықтайтын ауқымды шаралар өтпек. Атап айтқанда, «Ер жігіт» және «Сұлу әйел» сайыстары, сондай-ақ фестивалдің ашылу салтанатына арналған түрлі бағдарламалар жоспарланған.

Абай саябағының жалпы аумағы — 15 гектар құрайды. Қазіргі уақытта мұнда мерекеге дайындық қызу.Саябақтың жарық шамдары ауыстырылып, дәретханаларға жөндеу және толық жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.

Фестиваль сахнасына және көрермендерге арналған орындықтар құрылысына қажетті барлық материалдар жеткізілді. Монтаж жұмыстары басталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив