Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Семей қаласы әкімдігінде аппараттық кеңес өтті

9-07-2025, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышевтың төрағалығымен қала әкімдігінде кезекті аппараттық кеңес өтті. Жиында қала тазалығы, кәріз құдықтарының қақпақтарын жабу, санитарлық ағаш кесу және рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою мәселелері қаралды.

Кеңес барысында Бекжан Бапышев қала аумағындағы ашық қалған кәріз құдықтарының қақпақтарын шұғыл түрде жабуды тапсырды.

«Құдықтарды жабу – ең алдымен, қала келбеті үшін емес, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қажет. Дөңгелек қойып, лента тартумен мәселе шешілмейді. Ағаш кесу де осы секілді – мұқият әрі қауіпсіздік талаптарына сай орындалуы тиіс жұмыс», – деді қала әкімінің міндетін атқарушы.

Бекжан Бапышев барлық жауапты бөлімдерге тапсырылған міндеттерді сапалы әрі белгіленген мерзімде орындауды жүктеп, атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы өз бақылауында болатынын ескертті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив