Семей қаласында ведомстволық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-тренинг өтті
Семей қаласының Абай облысы бойынша «Отбасыны қолдау және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету бойынша ведомстволардың өзара іс-қимылы» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды.
Іс-шараның басты мақсаты – өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға кешенді әрі уақытылы көмек көрсету үшін мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасында тиімді әріптестік орнату.
Семинар барысында әкімдік, әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау салалары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері тәжірибе алмасып, нақты жағдайлар негізінде өзара іс-қимыл тетіктерін талқылады.
Орталық басшысы Назым Қалқаманқызы Шакаева өз сөзінде: «Кешенді қолдау – құрылымдар арасындағы үйлесімді жұмыстың нәтижесі», – деп атап өтті.
Іс-шара қорытындысы бойынша FSMSocial бағдарламасы аясында тараптар арасында алдағы уақытта ынтымақтастықты нығайту жөнінде келісім жасалды.