Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Абай облысында «Jas Power Talks» сессиясы өтті

10-07-2025, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында өтіп жатқан ASK CAMP республикалық форумы аясында жастарға арналған «Jas Power Talks» сессиясы ұйымдастырылды. Аталған формат аясында қатысушылар елдің түрлі салаларында еңбек етіп жүрген сарапшылармен кездесіп, өзекті тақырыптар бойынша ашық әрі еркін пікір алмасты.

Сессияға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің басқарма басшысы Ақұлан Тастемір, Абай облысы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысының уақытша міндетін атқарушы Олжас Түсіпбекұлы, Alikhan Bokeikhan University проректоры Айрат Базенов, Астана қаласы Қоғамдық кеңесі жанындағы Жастар ісі жөніндегі комиссия төрағасы Бақдәулет Болатұлы, сондай-ақ «Азаматтық Альянс» ЗТБ президенті Эльзира Әуесханова қатысты.

Шара аясында жастардың көшбасшылық қабілеттері мен логикалық ойлауын дамыту мақсатында командалық ойындар, квесттер және логикалық жарыстар ұйымдастырылды. Қатысушылар белсенділік танытып, бір-бірімен тәжірибе алмасып, азаматтық қоғамдағы рөлдері мен бастамаларын талқылады.

ASK CAMP форумы жастар үшін ашықтық пен еркіндікті, өзара қолдауды дәріптейтін, достық қарым-қатынас орнаған нағыз азаматтық алаң ретінде жоғары деңгейде өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив