«Абайға құрмет» атты республикалық акция қолға алынды

Облыс көлемінде мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылып, ел көлемінде «Абайға құрмет» атты республикалық акция қолға алынды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Жанжігіт Омархан баяндады.
- Мемлекет басшысының «Абайға құрмет» бастамасы негізінде облыс орталығында тың жобалар іске асуда. Сонымен қатар, облыс әкімінің «Туған жерге туыңды тік» атты бастамасы аясында бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Өңірімізде мерейтойға арналған іс-шаралар 10 күндігі ұйымдастырылады. Бұл тойға келетін алыс-жақыннан қадірлі қонақтар мен туристерге ұлы тұлғаға лайық деңгейде әсер қалдыру – басты міндетіміз,- деп атап өтті басқарма басшысы.
Аймақ басшысының тікелей қолдау білдіруімен ауданда инфрақұрылым яғни, облыстық, аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу, нысандарға ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен қомақты қаражат бөлінген.
- Ауданға келуші қонақтар мен туристерге ақпараттық қолжетімділікті арттыру мақсатында арнайы стендтер орнату жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, аудан орталығы – Қарауыл ауылына кіретін негізгі үш бағытқа және ауыл ішіндегі аялдамаларға заманауи ақпараттық стендтер орнатылып, әрбіреуіне QR-кодтар қойылады. QR-код арқылы кез келген келуші Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында өтетін іс-шаралар туралы толық ақпаратпен таныса алады, - деді Абай ауданының әкімі Мейіржан Смағұлов.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы