Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Семейде Көкпекті ауданы күндері өтті

8-04-2023, 08:56 Alikhan Bokeikhan University

Семей қаласындағы Көкпекті ауданының күндері аясында Әлихан Бөкейхан университетінде аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев бастаған өңір басшылығы мен атқарушы орган мамандары аудан түлектері мен ауданнан шыққан ардагерлерге арнап, салтанатты жиын өткізді.

Жиын барысында Ділдәбек Оразбаев Көкпекті ауданының қазіргі хал-ахуалы мен даму барысы туралы баяндап, ауданнан шыққан ардагер азаматтарға алғысын жеткізді. Іс-шара барысында бірқатар ардагерлер әкім қолынан арнайы марапаттар мен төсбелгілер иеленді.

Әкім сонымен қатар ауданнан түлеп ұшып, қазіргі уақытта жоғары оқу орындарында білім алып жатқан Көкпекті ауданының студенттеріне де ерекше көңіл бөлді. Өзі білім алатын оқу орны мен өңір өміріне белсенді араласып жүрген жас өрендерге Көкпекті ауданы әкімдігінің алғыс хаттары мен 50 мың теңге көлемінде сыйақы табысталды. Марапатталған студенттер арасында Әлихан Бөкейхан Университетінің студенттері де бар.

Іс-шара аясында сонымен қатар, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылып, аудан әкімдігі бітіруші курс студенттерін туған өлкеге оралып, жұмыс жасауға шақырды.


Студенттерге ауыл шаруашылығы, медицина, білім беру салаларына қажетті кадр сұранысы туралы ақпарат беріліп, ауылды жерге жұмыс іздеп баратын жас мамандарға көрсетілетін қолдау түрлері таныстырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив