Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Семейде өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізілуде

Бүгін, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімі Семей қаласындағы нысандарды аралау кезінде Комсомол кентінде салынып жатқан әмбебап өрт сөндіру депосының құрылысымен танысты.

Өрт сөндіру депосында 6 арнайы техникаға орын қарастырылған. Нысанның жалпы ауданы – 0,82 гектар. Құрылыс «Демеу Қазақстан қоры» корпоративтік қоры есебінен қаржыландырылып отыр. Жобаның жалпы құны – 700 миллион теңге.

Құрылыс жұмыстары сәуірде басталған. Аяқталуы осы жылдың үшінші тоқсанының соңына жоспарланып отыр.

Жоба аясында заманауи инфрақұрылым қалыптастырылады. Модульдік негізде салынатын фитнес-зал ішінде спортпен шұғылдануға арналған зал, санитарлық бөлмелер және техникалық орынжайлар қарастырылған. Сонымен қатар, 11 бөлмеден тұратын екі қабатты апартамент те модульдік құрылымда тұрғызылады. Онда өрт сөндіруші мамандарға қажетті барлық тұрмыстық және қосалқы жайлар қамтылады. Ішкі аумақта қызметкерлер мен апартамент тұрғындарына арналған спорт алаңдары, футбол алаңы мен жаттығу мұнарасы орналастырылады.

Қазіргі таңда Абай облысында 70 өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді. Оның 11-і жыл бойы тұрақты режимде қызмет етеді. Биыл «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында Бесқарағай ауданында өрт сөндіру бекеті ашылды.

«Жақында Мақаншы ауданындағы Алакөлге жақын орналасқан Қабанбай ауылында өрт сөндіру депосының құрылысы басталды. Бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылады», – деді аймақ басшысы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив