Cемей-0°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

АЙҚЫЗ КӨШКІМБАЙҚЫЗЫ

Айқыз Көшкімбайқызы 1876 жылы Ақшатау өңіріндегі Сары-Бұйрат деген жерде дүниеге келген. Руы Сыбан-Төлен. Жас кезінен алғыр, өжет, еңбек сүйгіш болған. Ауыл азаматтары егін егіп, суару үшін арық қазғанда азаматтармен бірге болып, сол арықтың уақтылы бітуіне үлес қосқан. Еңбегіне сүйсінген ел ұзындығы 4-5 шақырымға созылған арықты «Айқыз арығы» деп атаған. Бойжеткен кезінде Сергиополь ауылына тұрмысқа шығып, атақты С. Ғаббасовпен таныс, достас адам болған.

19 ғасырдың жартысында Аягөз қаласында әлеуметтік теңсіздіктің, патша отаршыларының зорлық-зомбылықтарының куәсі болдлы. Азамат соғысының ардагері әрі қаhарманы. Сергиопольдағы (қазіргі Мамырсу) қазақ эскадронын қарусыздандыруға және қорғаныс күндері окопқа шәй, тамақ тасып, жараланғандарға көмектесті. Аягөз большевиктері 1918 жылы 11 наурызда жұмысшы-шаруалармен бірігіп, қаладағы Уақытша үкіметтің жергілікті органын (приставты) құлатуға қатысты. Комиссар С. Ғаббасовпен бірге үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп, Совет өкіметін жариялаған митингіде мөз сөйледі. Колчак әскерлері қаланы уақытша басып алған кезде, жендеттер Айғызды азаптап өлтірді.

Аягөз қаласында бір көшенің атауы және өзі туылған Ақшатау ауылының мектебі Көшкімбаева есімімен аталады.

Айғыз Көшкімбаева туралы қазақтың белгілі жазушысы Қалмахан Исаев «Айқыз» атты роман жазды.

2017 жылдың қыркүйек айында Ақшатау ауылдық округінің орталығы Дөненбай ауылында Айқыз Көшкімбаеваға арналып ескерткіш-бюст орнатылды. Авторлары: Архат Дуйсенбайұлы, Карибаев Болат Хамзаұлы, Қанат Демеуғалиұлы.

Демеушілер: Төлен руынан тараған ұрпақтары, мектеп түлектері, меценаттар. Құны 1 млн 700 мың теңге. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив