Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
487.02 552.23 6.51

Семейде халықпен кездесу жаңа форматта өтті

23-07-2025, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев Семей қаласының 2025 жылдың І жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде халықпен кездесу өткізді. Кездесуге мәслихат депутаттары, ақсақалдар кеңесі, қоғам белсенділері, тұрғындар мен БАҚ өкілдері қатысты.

ҚР Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес, халықпен кездесу ашық диалог негізінде өтті. Сонымен қатар жаңа форматта өткен кездесу кезінде баяндама оқылмай, жартыжылда атқарылған жұмыстар жайында видео тұрғындарға ұсынылды.

Семей қаласы 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасын көрсетті. Әлеуметтік, инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалар жоспарлы түрде жүзеге асырылып, қаланың даму қарқыны тұрақты екенін дәлелдеді.

Семей қаласы барлық бағыттар бойынша жоспарлы дамып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив