Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.2 629.64 6.34

Биыл жазғы маусымда «Радуга» лагерінде 400-ден астам бала тынығады

24-07-2025, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы Бесқарағай ауданындағы Глухов ауылдық округінде орналасқан «Радуга» балалар сауықтыру лагері 2025 жылғы жазғы маусымда бес ауысым жұмыс істейді. Табиғаты көркем қарағайлы орманда орналасқан лагерь 1976 жылдан бері маусымдық негізде жұмыс істеп келеді. Биыл мұнда 400-ден астам бала тынығады.

Лагерьдің басты мақсаты – балалардың жазғы демалысын мазмұнды әрі қауіпсіз ұйымдастыру, шығармашылық және әлеуметтік дағдыларын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау.

7 мен 15 жас аралығындағы балаларға арналған әр ауысым 10 күнге созылады. Бағдарламада шығармашылық үйірмелер, спорттық жарыстар, квесттер, мәдени кештер мен танымдық экскурсиялар ұйымдастырылады. Лагерь аумағында бассейн, спорт алаңдары, воркаут, асхана, санитарлық тораптар мен қажетті инфрақұрылым бар.

Бүгін лагерьде «Жарқын жаз – бақытты бала» ведомствоаралық профилактикалық акциясы аясында кешенді іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – балалардың психологиялық және әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көмек сұрау мен өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту.

Шара барысында 80 балаға арналған психологиялық тренингтер, интерактивті сессиялар, қауіпсіздік бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Жұмысқа Психологиялық қолдау орталығы, «Жас Асыл» жастар денсаулық орталығы, Бесқарағай аудандық ТЖ бөлімі, прокуратура және ювеналды полиция өкілдері қатысты.

Бұл акция Абай облысында шілде айынан бері Білім басқармасының Психологиялық қолдау өңірлік орталығының бастамасымен жүзеге асып келеді. Шаралар облыс бойынша сауықтыру лагерьлерінде, еңбек жасақтарында және әлеуметтік осал топтағы балалармен жүргізілуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив