Ақын Серікзат Дүйсенғазин Абай тойына қатысты пікір білдірді

Ол он күнге жалғасатын мерекелік іс-шаралардың басым бөлігі Семей мен Қарауылда өтетінін, бұл Абай рухын ұлықтаудағы жаңа белес екенін айтты. Сонымен қатар, ақын мерейтойдың жоғары деңгейде өтуі үшін облыс жұртшылығы мен кәсіпкерлер белсенділік танытып жатқанын, барлық салтанаттың елдік сипатта ұйымдастырылып жатқанын жеткізді.
Серікзат Дүйсенғазин әсіресе тойға қатысты кейбір пендешіл реңктегі алып-қашпа әңгімелерге де тоқталды.
«Алайда «жолымды кім төлеп береді, жатын орнымды дайындап беріңдер» деген реңктегі әңгімелер де шығатыны белгілі. Көңілге сәл кірбің түсіретін-ақ дүние. Тойға барғандардың барлығының жолын, жатын орынын төлеу жаңа құрылған облыс бюджеті үшін ауырлық тудыратыны түсінікті шаруа ғой. Себебі Абайдың 180 жылдығы – біреудің жеке қуанышы емес, бүкіл ұлттың рухани мүддесіне ортақ іс. Әсіресе, өздерін «Абайдың жолын жалғастырушымыз» дейтін зиялылар мен елге белгілі тұлғалар дәл осындай кезде қолдау танытып, үлгі көрсетуі тиіс деп ойлаймын» – деп атап өтті.
Ақынның бұл пікірі елдік іс төңірегінде әр азаматтың жауапкершілігі мен ниеті маңызды екенін меңзейді. «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген Хәкім сөзін мысал еткен ақын Абай тойының татулықпен, ренішсіз өтуін тіледі.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы