Cемей36°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Еңбек адамы: Балалар жанашыры

Бүгін, 09:45 018.kz

Мадина Саутбаева – жоғары санатты дәрігер-педиатр, еңбек өтілі 3 жыл. Қазіргі уақытта « Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығы » КММ-де жарты жылдан астам уақыт бойы табысты еңбек етіп келеді.

Кейіпкеріміз Семей қаласындағы Медициналық университетті аяқтап, интернатураны «жалпы тәжірибелі дәрігер» мамандығы бойынша бітірген. Кейін педиатрия бағыты бойынша резидентураны тәмамдап, балалар денсаулығын қорғау ісіне белсене араласты.

Еңбек жолын «Ұлттық ғылыми ана мен бала орталығы» (ҰҒ НАО) педиатриялық бөлімшесінде бастаған. Сонымен қатар, «Тоқтамыс» өңірлік орталығында дәрігер-педиатр болып жұмыс істеді. Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, балалар мен ата-аналардың сеніміне ие болған ақ халатты абзал жан.

Мадина Саутбаева – әріптестері арасында сыйлы, өз ісінің кәсіби маманы. Оның басты мақсаты – жас буынның денсаулығын сақтау мен нығайтуға үлес қосу.


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив