Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Семей қаласының ортасындағы 2018 жылдан бері жөндеу көрмеген айналма жолға асфальт төселіп жатыр

Кеше, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімі Берік Уәли қаланы аралау барысында шаһардың ортасындағы айналма жолдағы күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Айналма жол – Семей қаласындағы негізгі көлік бағыттарының бірі. Бұл жол сол және оң жағалауды жалғай отырып, бірқатар магистральмен түйісетін маңызды көлік артериясы саналады. Қазіргі таңда мұнда ескі асфальт жабындысын алу, бірінші қабатқа асфальт төсеу және мастикалық жабынды қабатын салу жұмыстары қатар жүргізіліп жатыр. Жөнделіп жатқан жолдың аумағы – 24 мың шаршы метр, яғни, 1,2 шақырым. Жолдың бір бағытындағы қозғалыс 1 тамызға дейін толық қалпына келтіріледі деп жоспарланып отыр. 

Аймақ басшысы мердігерлерге жұмысты уақтылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

«Бұл айналма жолды осыдан 26 жыл бұрын түрік компаниясы салған екен. 2018 жылдан бері жолға асфальт төселмепті. Қазір қалыңдығы 12 сантиметр, екі қабат асфальт төселіп жатыр. «Ұлттық сапа орталығы» мамандары жолдың сапасына үнемі бақылау жүргізуі тиіс. Қазіргі уақытша қолайсыздықтарға тұрғындар түсіністікпен қарайды деп сенеміз. Абайдың 180 жылдық мерейтойына еліміздің түкпір-түкпірінен, шет елдерден де қонақтар келеді. Сондықтан жұмыс белгіленген мерзімде аяқталуы қажет», – деді облыс әкімі.

Жалпы, биыл Семей қаласында 52 көшеде жол жөндеу жұмыстары қолға алынған. Соның ішінде 36 көшеге алғаш рет асфальт төселмек. Жөнделіп жатқан жолдардың жалпы ұзындығы 50 шақырымнан асады. Бұдан бөлек шаһардағы 40 ауланың ішкі жолдары жөнделеді. Қазіргі уақытта оң және сол жағалаудағы аулаларда асфальт төсеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Биыл облыста жалпы ұзындығы 391 шақырым жол жөнделіп, жол сапасын арттыру бағытындағы жүйелі шаралар жалғасын табады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив