Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Абай облысының студенті грек-рим күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Кеше, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылғы 28 шілде мен 3 тамыз аралығында Грекияның Афина қаласында грек-рим күресінен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде Семей қаласындағы Олимпиада резервінің аймақтық спорт колледжінің 2-курс студенті Нұрдәулет Құмарұлы 48 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болып, «Спорт шебері» атағын иеленді. Чемпионатқа 18 елден 18 спортшы қатысты.

Жас балуан бұған дейін де бірнеше ірі халықаралық жарыстарда топ жарған. 2024 жылы Иорданияда өткен Азия чемпионатында қола, ал 2025 жылы Вьетнамда өткен Азия чемпионатында алтын жүлде жеңіп алды. Сондай-ақ ел ішіндегі чемпионаттарда бірнеше мәрте жеңіс тұғырынан көрінді.

Нұрдәулеттің бапкері – Жақсылық Үшкемпіров атындағы №1 облыстық олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жоғары санатты жаттықтырушысы Мұрат Амиров.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив