Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Семей шаһарында Майра Ильясованың шығармашылық кеші өтті

3-08-2025, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында Абай атындағы театр сахнасында Қазақстанның халық әртісі Майра Ильясованың «Ән Майра, әнші Майра, ару Майра» атты шығармашылық концерті өтті. Өнер иесі Абай шығармашылығына арналған әндер мен қазақ музыка өнерінің інжу-маржандарын орындады.

Абай облысының тумасы Майра Ильясова бұл кеш арқылы туған топырағына деген шексіз құрметі мен ықыласын білдірді. Көп жылдық сахналық жолында ол ұлттық өнердің дамуына сүбелі үлес қосып, бірнеше буын тыңдаушының жүрегінен орын алған тұлға.

Гастрольдік сапар аясында концерт 3–6 тамыз күндері Үржар, Аягөз, Жарма, Жаңасемей аудандарында да жалғасады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив