Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Абай облысында қазақ күресінен Қазақстан кубогінің ашылу салтанаты өтті

4-08-2025, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Ауқымды спорттық іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 400-ге жуық палуан қатысуда. Ел кубогі жасөспірімдер мен ересектер арасында ұйымдастырылды.

Жарыс барысында әртүрлі салмақ дәрежелері бойынша үздік палуандар анықталып, қатысушылар өз шеберліктерін көрсетті.

- Турнир өте жоғарғы деңгейде өтіп жатыр. Бүгін спортшылар 8 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасуда. Жалпы, елімізде спортқа, оның ішінде ұлттық спортқа ерекше көңіл бөлінуде. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін, ұйымдастырушыларға рахмет, - деп атап өтті Қазақ күресі ассоциациясының бас директоры  Дамир Бекбосынов.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер құрмет грамоталарымен, кубоктармен, медальдармен, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен және қаржылай сыйақылармен марапатталатын болады. Атаулы жарыс 3-6 тамыз аралығында жалғасады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив