Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Семейдегі НЗМ оқушысы халықаралық олимпиадада жүлдегер атанды

7-08-2025, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Әкежан Асқар Боливияның Сукре қаласында өткен 36-шы Халықаралық информатика олимпиадасында (IOI–2025) күміс медаль иеленді.

Биыл әлемнің 98 елінен келген 400-ге жуық мектеп оқушысы бұл зияткерлік сайыста бақ сынады. Қатысушылар күрделі алгоритмдік тапсырмаларды шешіп, бағдарламалық шешімдер әзірледі. Барлық тапсырмалар автоматты жүйе арқылы бағаланды.

Әкежанның айтуынша, ол олимпиадаға 8-сыныптан бастап үш жыл бойы дайындалған. Зияткердің үздіксіз еңбегі мен табандылығы оның бүгінгі жетістігінің басты кілті болды.

Айта кетейік, Қазақстан Халықаралық информатика олимпиадасына 1999 жылдан бері қатысып келеді және соңғы жылдары мықты командалардың қатарынан тұрақты орын алып жүр.


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив