Семейдегі зияткерлік мектеп ұстазы «доктор» атанды
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Мақсат Құдагелдин «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (РhD) атанды. Alikhan Bokeikhan University «Педагогика және психология» докторантурасын бітірген әріптесіміз «Студенттердің мәдени-тарихи санасын қалыптастырудың педагогикалық негіздері» тақырыбындағы диссертациясын Л.Н. Гумилев атындағы ұлттық университетінде сәтті қорғап шықты.
40 –тан астам ғылыми мақалалар мен оқу құралының, авторлық құқықтың иесі болып табылатын ұстаз зияткерлік мектеп жүйесінде 2020 жылдан бері еңбек етіп келеді.
Қазіргі уақытта Мақсат Құдагелдиннен бөлек 5 мектеп ұстазы биология, физика, ағылшын, химия пәндері бойынша докторантурада білімдерін жалғастыруда. Бұл өз кезегінде білім ошағымыздағы педагог мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған ұстанымдарының нәтижелі жұмысы екендігін дәлелдейді.
Ермек ИСАБАЕВ