Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Семей қаласында 3 шақырымға жүгіру өтті

7-08-2025, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Семей қаласында қалалық деңгейде 3 шақырымдық жүгіру өтті.

Жарыс Абай мұрасын ұлықтау, салауатты өмір салтын насихаттау және тұрғындардың бұқаралық спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Сайысқа 100-ден астам кәсіби және әуесқой спортшылар қатысты. Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай үш санатта жүлделі орындарға ие болды:

– 18-35 жас;

– 36-49 жас;

– 50 жастан жоғары.

Жарыс жеңімпаздары қала әкімдігі атынан арнайы дипломдармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив