Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
542.29 629.54 6.77

«Абай елінен сарқыт»: Семейде креативті – әлеуметтік кеңістік дүкені ашылды

Бүгін, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласында ерекше әлеуметтік жоба – «Абай елінен сарқыт» креативті-әлеуметтік кеңістік дүкені өз жұмысын бастады. Бұл кеңістік – ұлттық дәстүр мен заманауи кәсіпкерлікті үйлестіре отырып, жергілікті өнімдерге деген сұранысты арттыруға бағытталған жаңа форматтағы алаң.

Жобаны «ADAL AS Trade» компаниясы мен Абай облысы кәсіпкерлер палатасы бірлесіп жүзеге асыруда. Дүкен сөрелерінен өңірде өндірілетін экологиялық таза тағам өнімдері, ұлттық нақыштағы кәдесыйлар мен қолөнер шеберлерінің ерекше бұйымдарын табуға болады.

– Бүгін Абайдың 180 жылдығына орай Семейдегі мерекелік шараларға тағы бір ерекше үлес қосып отырмыз. «Абай елінен сарқыт» – деп аталатын креативті-әлеуметтік кеңістік. Бұл – туған жеріміздің ауасын жұтып, суын ішкен, топырағында өскен өнімдерден құралған ерекше орын. Мұнда аймағымыздың нағыз дәмі сақталған, жергілікті өндірушілердің қолымен дайындалған табиғи әрі экологиялық таза өнімдер ұсынылады, – дейді «Адал-АС» компаниясының директоры Раушан Мұқажанова.

 «Абай елінен сарқыт» креативті – әлеуметтік кеңістік дүкені 2023–2025 жылдары мемлекеттік грант иегерлерімен тығыз серіктестік орнатқан ерекше әлеуметтік жобалардың бірі. Соңғы үш жыл ішінде Абай облысында 400 айлық есептік көрсеткіш (МРП) көлемінде 600-ден астам мемлекеттік грант беріліп, ұлттық бағыттағы шағын кәсіпкерлік қарқынды дамуда. Бұл қолдаудың нәтижесінде экологиялық таза тағам, қолөнер бұйымдары мен отандық кәдесыйлар өндірісі жолға қойылып, жергілікті өнімдерге деген сұраныс артып отыр.

Жоба аясында 50-ге жуық жергілікті кәсіпкермен әріптестік орнатқан. Олардың ішінде «Бір ауыл — бір өнім» байқауына қатысушылар мен жеңімпаздардың, 40-қа жуық кәсіпкердің өнімдері тұрақты түрде дүкен сөрелерінен орын алып, тұрақты сатылымға шығарылуда. Бұл дүкен тек сауда орны ғана емес, сонымен қатар жаңа бизнес иелеріне нарыққа шығуға, өнімдерін танытуға және тұтынушымен байланыс орнатуға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналған. 

Басты мақсат: ауыл мен әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау, Ұлттық дәстүр мен мәдениетті жаңғырту, шағын бизнесті нарыққа бейімдеу және жергілікті өнімдерді туристік брендке айналдыру.

«Абай елінен сарқыт» – шынайы отандық өнімнің қадірін арттырып, жергілікті өндіруші мен тұтынушы арасындағы алтын көпірге айналатын тың жоба.

«Абай елінен сарқыт» креативті – әлеуметтік кеңістік дүкенінің мекенжайы: Дулатов көшесі 143.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив