Cемей30°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.33 626.99 6.71

«Семей-Павлодар» автожолындағы бақылау алаңы абаттандырылады

Бүгін, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семейдегі бірқатар нысандарды аралады. Аймақ басшысы «Семей-Павлодар» автожолының бойында орналасқан бақылау алаңына барып, жағдайымен танысты.

Бұл алаң семейліктер мен қала қонақтарының жиі аялдайтын орнына айналған. Облыс әкімі жақында қала экологиясы мен тазалығына үлес қосып жүрген экобелсенділермен кездесіп, олардың ұсыныстарын тыңдаған болатын. Кездесу барысында бақылау алаңында дәретхана мен қоқыс жәшіктерінің аздығы атап өтілген. Аймақ басшысы бұл мәселені назарға алып, тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтқан болатын.

Қазіргі таңда бақылау алаңын абаттандыру жұмыстары жоспарланып отыр. Жоспарға сәйкес алаңда санитарлық-гигиеналық тораптар, қоқыс жәшіктері, демалыс орындықтары және жарықтандыру жүйесі орнатылады. Бұл жұмыстар қоғамдық кеңістіктерді жақсарту және тұрғындардың жайлы демалысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Облыс әкімі бақылау алаңын абаттандырудың маңызын айтып, Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышевқа аумақты кеңейту бойынша жоба әзірлеуді тапсырды.

«Бақылау алаңы қала маңында орналасқан демалыс орыны. Мұндай жерлерде тазалық пен жайлылық бірінші орында тұруы керек. Жобасын дайындап, ұсыныңыздар. Бұл жерден қала алақандағыдай көрінеді екен. Сондықтан аумақты жаңғыртып, қоршаулар қойып, дәретхана орнату қажет. Көктөбедегі секілді қаланы тамашалайтын дүрбілерді, тұрғындар суретке түсетін патриоттық мафтарды қойып, кәсіпкерлерді тарта отырып шағын сауда орындарын ашу қажет», – деді аймақ басшысы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив