Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
539.55 627.55 6.7

Облыс әкімі тазалық жұмыстарын жандандыруды тапсырды

Бүгін, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының өңірде жүзеге асырылу барысы қаралды.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Марат Теміржановтың мәліметінше, облыста 44 іс-шарадан тұратын өңірлік жоспар бекітілген. Биылғы санитарлық-экологиялық екі айлыққа 251 мыңнан астам тұрғын, 11948 ұйым мен 7887 техника тартылып, 146 мың аула, 2226 саябақ пен сквер, 947 ескерткіш аумағы тазартылған. Сонымен қатар, 49 617 түп ағаш отырғызылып, электромобильдер үшін 3 зарядтау станциясы орнатылған.

Экология департаментінің басшысы Серік Сарбасов рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін ғарыштық мониторинг арқылы анықтау жұмысының жалғасып жатқанын айтты. 2023 жылы 347, 2024 жылы 266, ал биыл 182 үйінді тіркеліп, көрсеткіштің төмендегені атап өтілді.

Облыстық Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әсет Өтепов экологиялық акция аясында тазалық ережелерін бұзғандарға қатысты 7891 құқық бұзушылық тіркеліп, 71 млн теңгеден астам айыппұл салынғанын жеткізді.

Аймақ басшысы жиында аудан, қала әкімдеріне тазалық жұмыстарын жандандыруды, апта сайын сенбілік өткізуді, заңсыз қоқыс үйінділерін жою жұмыстарын жедел жүргізіп отыруды тапсырды. Осы аптадан бастап аппарат және басқарма қызметкерлерінен құрылған жұмыс тобы аудан, қалаларда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында отырғызылған ағаштар мен екпелерге мониторинг жүргізетін болады.

«Аудан әкімдері саябақтарды қалпына келтіру, жаңғырту жұмысын қолға алыңыздар. Қараусыз қалған саябақтар барлық жерде, барлық ауылда бар. Оларды қайта жаңғыртып, ағаш егіп, қоршау керек. Тек қана аудан орталықтарында емес, ауылдарда да осындай жұмыстар жүргізілуі қажет»,- деді облыс әкімі.


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив