Семейде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дабыл түймелерінің саны артты

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында Абай облысында дабыл түймелерін орнату жобасы жалғасуда. Бұған дейін облыс орталығында 5 дабыл түймесі орнатылған болса, бүгінгі таңда олардың саны 10-ға жетті.
Қосымша түймелер азаматтар көп шоғырланатын және құқық бұзушылық қаупі жоғары орындарға орналастырылды: 1. “Триумф” сауда үйі (Қабанбай батыр – Шәкәрім көшелерінің қиылысы); 2. Бейбітшілік аралы; 3. “Апрель” сауда орталығы (Қабылбаев – Қаржаубайұлы көшелерінің қиылысы); 4. Докучаев – Физкультура көшелерінің қиылысы; 5. “Жансая” орталық базары (Жансая аялдамасы).
Бұл кешен төтенше жағдайда полициямен тікелей байланыс орнатуға және оқиға орнына нарядтың жедел келуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жоба тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және өңірдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шараларын жетілдіруге бағытталған.