Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
485.4 550.69 6.41

Абай облысынан шыққан кәсіпкер үлгі боларлық іс жасады

5-09-2025, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының тумасы, кәсіпкер Руслан Саметеев ұлы ойшылдың 180 жылдығына орай туған жеріне айрықша сый жасады. Ол «Жедел медициналық жәрдем станциясына» құны 25 миллион теңге тұратын заманауи серверлік жүйе мен әрқайсысы 1 миллион теңге болатын 10 ЭКГ құрылғысын тарту етті.

Бұл игі іс өңірдегі денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға зор үлес қосады. Сервер жүйесі медициналық деректерді қауіпсіз әрі жедел өңдеуге мүмкіндік берсе, жаңа ЭКГ құрылғылары тұрғындарға көрсетілетін жедел жәрдем сапасын арттыруға септігін тигізбек.

Аймақ басшысы Руслан Саметеевке алғысын білдіріп, туған жерін түлетуге бағытталған мұндай қамқорлық – елге үлгі болатын игі дәстүр екенін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив