Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
485.4 550.69 6.41

Абай ауданында өнеркәсіптің дамуына серпін беретін жобалар іске қосылды

11-09-2025, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Абай ауданында өндіріс саласында жаңа жобалар қолға алынып, аймақтың экономикалық әлеуеті артып келеді. Бұл туралы аудан әкімі Мейіржан Смағұлов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

– Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында құрылыс және өнеркәсіп саласына ерекше мән берілген. Осы бағытта ауданда бірқатар өндірістік жобалар іске асырылып жатыр. 2023 жылдың қазан айынан Архат ауылдық округінде «METALL MINING» ЖШС өз жұмысын бастаған еді. Компанияның жоспарына сәйкес жыл сайын 300 мың тонна кен өндіру көзделген. Бұған қоса, «Дерикар» ЖШС асфальтобетон қоспасы мен қиыршық тас өндірісін жолға қойса, «Қасқабұлақ» ЖШС ет пен жүнді қайта өңдеп, жылына 130 тоннаға жуық өнім шығаруда. Алдағы уақытта аудан аумағында тағы бір зауыттың құрылысы басталмақ. Бұл жоба өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін күшейтіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, – деді аудан әкімі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив