Cемей35°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Танымал суретші Алмас Сырғабайдың «Алаштың Әлиханы» суреттер көрмесі өтеді

13-04-2023, 08:45 Alikhan Bokeikhan University

Құрметті жерлестер!

Тұңғыш рет Абай облысында, сәуір айының 14 күні Әлихан Бөкейхан Университетінде танымал суретші, дизайнер, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Алмас Сырғабайдың «Алаштың Әлиханы» атты картиналарының көрмесі өтеді.

Көрмеде сіздер суретшінің Әлихан Бөкейхан Университетінің тапсырыс бойынша орындаған, Ұлт көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханға арналған су жаңа суреттер топтамасын тамашалай аласыздар! Көрме Әлихан Бөкейхан Университетінің 25 жылдық мерейтойының құрметіне ұйымдастырылып отыр.

14 сәуір күні сағат 12:00-де Мәңгілік Ел, 11 мекенжайы бойынша, Университеттің бас ғимаратында автордың қатысуымен көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

«Ерен еңбегі үшін» медальімен, «Алашорда үкіметінің 100 жылдығы», «Қазақ Республикасының 100 жылдығы» естелік медальдарымен марапатталған.

Көрме Университетіміздің бас ғимаратында (Семей қ., Мәңгілік Ел к-сі, 11) орналасады. Көрмені сәуір айының соңына дейін дүйсенбіден жұмаға дейін күнделікті сағат 9-дан 18.00-ге дейін тамашалай аласыздар. Кіру — тегін!

Көрмеге топтық экскурсия жасағысы келген ұжымдарға +7-747-679-44-91 телефон нөміріне алдын ала хабарласу арқылы, келісілген уақытқа сәйкес келіп тамашалауға болады.

Барлықтарыңызды «Алаштың Әлиханы» көрмесінде күтеміз!

#ӘлиханБөкейханУниверситеті #ABU #ABUSemey #BokeikhanUniversity #AlikhanBokeikhanUniversity #Semey #Semsk #Fcity #ГородF #ABUMediaTeam #AbaiNews #AbaiAqparat #AbaiOblysy

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив