Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Семей қаласы әкімі сайлауына 4 кандидат тіркеуден өтті

17-09-2025, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласы әкімі сайлауына тіркеу аяқталды.

Қалалық аумақтық сайлау комиссиясы өтініш берген 8 кандидаттың, 4-і тіркелгенін ресми түрде хабарлады.

Оларға қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы кандидат куәлігін тапсырды.

Кандидаттардың барлығы өз-өзін ұсынған. Олардың қатарында:

1. Шапатов Қанат Мұратұлы - Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы директоры (1971 жылы туған, Семей қаласында тұрады);

2. Төлеуов Қаныш Мақсұтұлы - Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің директоры (1972 жылы туған, Семей қаласында тұрады);

3. Бекжасаров Айболат Кайркешұлы - уақытша жұмыссыз (1963 жылы туған, Семей қаласында тұрады);

4. Қожанбаев Әділет Нұрсағатұлы - Көкпекті ауданының әкімі (1980 жылы туған, Көкпекті ауылында тұрады) бар;

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив