Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Абай облысы театрларының қос жеңісі

18-09-2025, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының театр ұжымдары қос бірдей қомақты жүлдеге қол жеткізді.

12-16 қыркүйек аралығында Ұлытау облысы Жезқазған қаласында өткен Ж.Хаджиев атындағы IV халықаралық театр фестивалінде Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрының құрамындағы «Дариға-ай» жастар театры фестивальдің бас жүлдесі мен «Үздік спектакль» номинациясына ие болды. Бұл жеңіс – жас ұжымның кәсіби шеберлігінің, тынымсыз еңбегінің және өнерге деген адалдығының жарқын дәлелі.

Ал бүгін Талдықорған қаласында өтіп жатқан «БИКЕН FEST» III халықаралық театр фестивалінде Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры сахналаған «Абай айтқан «Еңлік – Кебек» спектаклі бас жүлдемен марапатталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив