Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Семей қаласында жылыту маусымына дайындық қарқынды жүруде

18-09-2025, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласында 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жоспарлы түрде жалғасуда. Қаланы жылумен қамтамасыз ету жүйесі ЖЭО-1 және 21 қазандық нысаны арқылы жүзеге асырылады.

Маусымға дайындық аясында 13 жылу көзінде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, жөндеу жүргізіліп жатқан нысандар қатарында ЖЭО-1, «РК-1», «РК-2», «РК-3», «103-103А», «Центр», «МЭН», «Ғаббасов», «35 квартал», «№5 Интернат», «Зооветинститут», «Солнечная», «Квартал АБ» бар.

Бұдан бөлек, жалпы ұзындығы 5,38 шақырымды құрайтын жылу желілерінде де жөндеу жұмыстары жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін бұл желілердің 4,89 шақырымында жұмыс толықтай аяқталды.

Қала әкімдігі тарапынан барлық жұмыстардың орындалуы қатаң бақылауда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив