Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.34 640.73 6.53

Семей тұрғындары құжаттарын тәулік бойы ала алады

Бүгін, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін және сапасын арттыратын заманауи цифрлық бағдарламалар енгізілуде. Соның бірі – дайын құжаттарды беру үшін орнатылған постомат.

Бүгінгі таңда Абай облысында бір постомат іске қосылды. Семей қаласында, 408-ші квартал, 21-үй мекенжайында орналасқан. Қызмет тәулік бойы (24/7) қолжетімді, әрі тұрғындарға құжаттарын өзіне ыңғайлы уақытта алуға мүмкіндік береді.

Өтініш берген кезде фронт-офис маманына құжатты постомат арқылы алатыныңызды хабарлау қажет. ХҚО қызметкерлері құжатты құрылғыға қалдырғаннан кейін, өтініш берушіге SMS-хабарлама жіберіледі. Онда өтінім нөмірі, алты таңбалы код, сақтау мерзімі және постоматтың мекенжайы көрсетіледі.

Құжатты алу үшін экранға SMS арқылы келген кодты енгізіп, биометриялық сәйкестендіруден өту жеткілікті. Жеке деректер расталған соң, құжат салынған жеке ұяшық автоматты түрде ашылады.

Айта кетейік, постомат арқылы 19 түрлі сұранысқа ие қызмет қолжетімді. Олардың қатарында азаматтық актілерін тіркеу жөніндегі куәліктер мен мұрағаттық анықтамалардың көшірмелері, жылжымайтын мүлікке қатысты құжаттардың көшірмелері, білім туралы барлық деңгейдегі құжаттар бар. Сонымен қатар ресми құжаттарға мөр қою, мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу құжаттарын да алуға болады.

2025 жылдың қаңтар–тамыз айлары аралығында семейліктер постомат арқылы 466 құжат алып үлгерді. Бұл – сервистің сұранысқа ие әрі тиімді екенін көрсетеді

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив