Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.19 636.44 6.49

Облыс әкімі Ақсуат ауданының ең шалғайдағы ауылына барды

Бүгін, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Үштөбе аудан орталығы Ақсуат ауылынан 160 шақырым жерде орналасқан.

Облыс әкімі Берік Уәли елді мекендегі «Өкпеті» орта мектебінде болды.

1934 жылы іргетасы қаланған мектептің жаңа ғимараты 2008 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі таңда мұнда 37 ұстаз еңбек етеді, 156 оқушы білім алуда.

Аймақ басшысы мектепте ауыл тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерін тыңдады. Елді мекен тұрғындары «Қызылкесік – Үштөбе» бағытындағы жолға асфальт төсеу, интернет орнату мәселелерін көтерді.

«Бүгін Ақсуат ауданының бірнеше ауылдарын аралап, халықтың жағдайымен таныстым. Ауылдарға ортақ интернет, жол сияқты мәселелер Үштөбеге де тән. Үштөбе – талай ақын, жазушы, танымал тұлғалар шыққан, ауданның түпкірінде орналасқан, қазақы қаймағы бұзылмаған елді мекендердің бірі. Биыл ауылға сапалы интернет орнатылады. Ал жол мәселесін біртіндеп шешеміз. Аудандағы өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табады»,- деді облыс әкімі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив