Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Семейде оқушылар арасында республикалық пікірсайыс турнирі өтті

23-09-2025, 11:18 018.kz

Семей қаласындағы Шәкәрім университетінде оқушылар арасында республикалық пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру, өзекті қоғамдық мәселелерді талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту.

Биылғы турнирге 2024–2025 оқу жылындағы облыстық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары – жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарынан 180 оқушыдан құралған 60 команда қатысты.

Жарыс үш лига бойынша өтіп, жеңімпаздар төмендегідей анықталды:

Қазақ лигасы

  • І орын – Жамбыл облысы

  • ІІ орын – Алматы қаласы

  • ІІІ орын – Қызылорда облысы

Орыс лигасы

  • І орын – Қостанай облысы

  • ІІ орын – Абай облысы

  • ІІІ орын – Ақтөбе облысы

Ағылшын лигасы

  • І орын – Абай облысы

  • ІІ орын – Ұлытау облысы

  • ІІІ орын – Шымкент қаласы

Жеңімпаздар дипломдар және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Ал барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Турнирді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мен Абай облысы білім басқармасының «Дарын» орталығы ұйымдастырды.

Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив