«Таза Қазақстан»: Абай облысында экологиялық акция өтті
Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық акциялар жалғасуда. Тазалық шарасына жастар, Полиция департаменті, этно-мәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысып, қала шетіндегі Семей-Астана тасжолы бойын қоқыстан тазалады. Қатысушылар қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосып, экологиялық мәдениетті дәріптеудің маңыздылығын көрсетті.
«Шығыс жастары» қоғамдық қорының атқарушы директоры Алиби Абдураимов акцияның маңыздылығы жайында пікір білдіріп, тұрғындарды тазалықты сақтауға шақырды.
Жалпы, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жыл басынан облыста 282 381 адам, оның ішінде 13 585 ұйым мен мекеме өкілдері қатысты. Жұмысқа 8558 бірлік техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 157 072 аула тазаланып, 49 467 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигондарына шығарылды. Облыс бойынша 2443 саябақ пен сквер тазартылып, 1001 ескерткіштің айналасы абаттандырылып, 10 285 шаршы метр тасжол жөнделді. 50 201 ағаш және 7 883 бұта отырғызылды. Сенбілік 16 811 әлеуметтік және өндірістік нысанды, сондай-ақ 2 287 жасанды су қоймасын қамтыды.
Айта кетейік, экологиялық акциялар Абай облысында алдағы уақытта да жалғасын табады.
#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan