Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
516.86 598.68 6.58

Семейде екі күндік көшпелі оқыту семинары басталды

24-09-2025, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылғы 24-25 қыркүйек күндері Семей қаласында жергілікті атқарушы органдар мен олардың құрылымдық және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметкерлеріне арналған көшпелі оқыту семинары өтеді. Семинардың мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру, заңнамаларды түсіндіру және цифрлық жүйелерді пайдалану дағдыларын жетілдіру.

Шара аясында ҚР Бас прокурорының бұйрықтары мен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс нормалары талқыланып, «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінің жаңа мүмкіндіктері таныстырылады. Сондай-ақ білімді басқару, Бірыңғай білім қорын толықтыру әдістемесі және азаматтарды қабылдау тәртібі түсіндірілмек. Семинарға Астана қаласынан және өңірден шақырылған салалық мамандар қатысып, қатысушылар өзекті сұрақтарына жауап алады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив