Қарағайлы шағын ауданында жаңа саябақ құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр
Облыс әкімі Берік Уәли қаланы аралау барысында Қарағайлы шағын ауданында салынып жатқан жаңа саябақтың құрылыс алаңына барды.
Қазіргі уақытта саябақтағы құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Мердігерлер нысанды осы айда толық аяқтауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ аумақты көгалдандыру аясында 1000-ға жуық қарағай мен шырша көшеттерін отырғызу көзделген. Бүгінде жартысынан астамы егілген.
Аймақ басшысы саябақтағы құрылыс жұмыстарын көріп, аралап шыққан соң ағаш көшеттерін отырғызу шарасына қатысты.
«Қарағайлы ықшам ауданындағы саябақ құрылысы екі ай бұрын басталды. Қазір жұмыс қарқыны жаман емес, мердігерлер екі аптада аяқтаймыз деп отыр. Бұл жер Қарағайлы ықшам ауданы тұрғындары үшін әдемі демалыс орнына айналмақ. Сондай-ақ салтанатты шаралар мен ауқымды жәрмеңкелер өткізуге де ыңғайлы болады. Мұнда сахна орнатылады, ағаштар егіледі, аумағы да өте кең. Ең бастысы – құрылысты асықпай, сапалы аяқтап, халыққа қолайлы жағдай жасау қажет», – деді облыс әкімі.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы