Cемей-6°С
Ауа-райы
  • Абай1°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-4°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау-3°С
  • Курчатов10°С
  • Көкпекті-4°С
  • Үржар-0°С
537.77 622.95 6.65

Абай облысында мектеп директоры шығармашылықпен айналысып жүр

2-10-2025, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында шығармашыл, өнерлі мұғалімдерді жариялаймыз. Солардың бірі – Семей қаласындағы №51 «Келешек мектептің» директоры, физика пәні мұғалімі Қайырбек Абылқасымов. Ол мұғалімдік қызметпен қатар шығармашылықпен де айналысып жүр.

Педагогтің еңбек өтілі – 30 жыл. Екі жылдан бері өлең жазумен шұғылданып келеді. Қазірдің өзінде 1000-нан аса өлеңі бар. Әні мен сөзін өзі жазған шығармалары жүзден асты. Енді жеке кітабын шығаруды жоспарлап отыр. Оның туындылары махаббат, табиғат, қоғам және адамның күнделікті өмірі тақырыптарына арналады.

Сондай-ақ ол мектеп гимнін жазды. Қазір әнге аранжировка жасалып жатыр. Жақын уақытта оны мектеп оқушылары орындайды.

Мектеп директоры барлық музыкалық аспапта да ойнай алады. Мектепке өзінің тәрбиеге қатысты «3Б: ұят, обал, сауап» авторлық бағдарламасын, «1000 кітап» жобасын енгізіп, рухани-мәдени бастаманы қолға алған.

Оның «Ол - сезім» деп аталатын туындысы Нұрболат Абдуллиннің орындауында тыңдармандардың ықыласына бөленген. Жұмыс пен шығармашылықты қатар алып жүрген педагог жастарды үнемі жаңашыл болуға үйретеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив