Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
546.96 642.73 6.7

Бизнес және сервис жоғары колледжі «Astaufest – 2025» халықаралық фестивалінде гран-при иеленді

Бүгін, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Астана қаласында VІ Халықаралық «AstauFest – 2025» гастрономиялық фестивалі өтті. Оған Қазақстанның 8 облысынан, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Якутиядан келген өндірістік оқыту шеберлері мен колледж студенттері бақ сынады. Фестивальға Франция, Швейцария, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Үндістан және Якутиядан халықаралық сарапшылар қазылық етті.

Байқауда Бизнес және сервис жоғары колледжінің оқытушылары мен студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

«2025 жылдың Бас наубайшысы» құзыреттілігі бойынша аға шебер Перизат Ақанова Гран-при жүлдесін жеңіп алды.

«2025 жылдың Бас кондитері» құзыреттілігі бойынша 31-Технолог тобының студенті Аружан Сабыр Гран-при иегері атанды. Жетекшісі - өндірістік оқыту шебері Светлана Ходько.

Биылғы фестивальға қоғамдық тамақтандыру саласында білім алып жатқан 12 елден 300-ге жуық студент қатысты. Фестивальдің басты мақсаты – халықаралық тәжірибе алмасу, жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттыру, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру мен сервис саласына заманауи технологияларды енгізу. Фестиваль қазылар алқасына әлемге әйгілі француз шеф-аспазы, Мишлен жұлдызының иегері Жан Ашне төрағалық етті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив