Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай1°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-4°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау-3°С
  • Курчатов10°С
  • Көкпекті-4°С
  • Үржар-0°С
537.77 622.95 6.65

Семейде жас сарбаздар Отан алдындағы борышын өтеуге салтанатты түрде аттанды

9-10-2025, 09:45 018.kz

Семей қаласындағы Ұлттық әскери-патриоттық орталықта 25 азаматты Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарына шығарып салуға арналған салтанатты рәсім өтті. Бұл – жастарды Отан алдындағы қасиетті борышына аттандырар алдындағы маңызды әрі әсерлі шаралардың бірі.

Салтанатты шара Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран орындалуымен басталды. Сарбаздарды шығарып салуға ата-аналар, ұстаздар, әскери қызметкерлер, ардагерлер, сондай-ақ қала мектептерінің оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Іс-шара барысында ардагерлер сөз алып, жас сарбаздарға ақ баталарын берді. Олар өздерінің әскери өмір жолдарынан мысал келтіріп, Отан алдындағы борышты абыроймен атқарудың маңызын айтты.

– Әскери қызмет – әрбір азаматтың парызы. Бұл – елге адалдықтың, тәртіп пен төзімділіктің мектебі. Біз сендерге сенеміз! – деді ардагерлердің бірі.

Сарбаздар да сөз алып, Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге серт беріп, халықтың сенімін ақтайтындарын жеткізді.

Шара аясында арнайы әскери киім үлгілері мен қару-жарақ көрмесі ұйымдастырылды. Оған қатысқан оқушылар мен студенттер заманауи әскери құралдармен танысып, әскери мамандықтарға қызығушылықтарын білдірді. Көрме – жастарды әскери қызметке баулудағы тәрбиелік мәні зор элементтердің бірі болды.

Мұндай шаралар жастар арасында патриоттық рухты күшейтіп, әскери борышқа деген жауапкершілікті арттырады. Қатысушылардың айтуынша, бұл — болашақ сарбаздар мен ел ертеңінің иесі саналатын жастар үшін үлкен патриоттық шара болды.

Семей қаласындағы бұл шара – әскери-патриоттық тәрбиенің жарқын үлгісі ретінде есте қалары сөзсіз. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтауға аттанып бара жатқан жас сарбаздарға қатысушылар тек сәттілік пен абыройлы қызмет тіледі.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив