Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
464.73 546.57 6.19

Семей тұрғындары қала әкімін өзі таңдайтын сәтке жетті

12-10-2025, 07:28 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Семей қаласында өтіп жатқан тарихи сайлауда «Халықаралық қазақ тілі қоғамы» ҚБ Абай облыстық филиалының төрағасы Орал Шәріпбаев өз азаматтық таңдауын жасады.

Ол бұл сайлаудың ел өміріндегі маңызы зор екенін атап өтіп, елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың нақты нәтижесін көрсетіп отырғанын айтты.

— «Бүгінгі сайлау – демократиялық дамудың айқын көрінісі. Семейде алғаш рет қала әкімі тікелей халық дауысымен сайланып отыр. Бұл – ел өміріндегі маңызды бетбұрыс әрі әрбір азаматтың өз қаласының болашағына тікелей ықпал ету мүмкіндігі», – деді Орал Шәріпбаев.

Сонымен қатар, ол сайлау процесінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және тұрғындардың белсенді қатысып жатқанын ерекше атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив