Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

«Семей еріктілері» өз дауыстарын берді

12-10-2025, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Семей қаласындағы белсенді жастар тобы – «Семей еріктілері» қозғалысының мүшелері сайлау учаскелеріне келіп, өз дауыстарын берді.

Еріктілер бұл күннің тарихи маңызын жақсы түсініп, азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті. Олар үшін сайлауға қатысу – тек құқық қана емес, қаланың болашағына деген жауапкершіліктің нақты көрінісі.

— «Біз қоғамның белсенді мүшелеріміз. Сондықтан өз таңдауымызды жасап, Семейдің дамуына үлес қосу – әрқайсымыздың парызымыз. Бүгінгі сайлау – жаңа мүмкіндіктердің бастауы», – деді еріктілер қозғалысының өкілдері.

«Семей еріктілері» барша тұрғындарды белсенді болып, өз таңдауларын жасауға шақырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив