Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай1°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-4°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау-3°С
  • Курчатов10°С
  • Көкпекті-4°С
  • Үржар-0°С
537.77 622.95 6.65

Қазақстан барысы Айбек Нұғымаров өз дауысын берді

12-10-2025, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Семей қаласының №33 сайлау учаскесінде қазақ күресінен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, «Еуразия Барысы» халықаралық турнирінің төрт дүркін, «Әлем Барысы» халықаралық турнирінің үш дүркін, «Қазақстан Барысы» турнирінің екі дүркін чемпионы, «Amanat» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, Абай облысы мәслихатының депутаты, Семей қаласы Көлік колледжінің директоры Айбек Нұғымаров өз таңдауын жасады.

Айбек Нұғымаров бұл сайлаудың тарихи мәні бар екенін айтып, Семейліктерді белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды.

«Бүгін елімізде демократиялық қоғам құру жолындағы маңызды қадам жасалып жатыр. Семейліктер алғаш рет өз әкімін тікелей дауыс беру арқылы таңдауда. Бұл – халықтың сенімі мен ерік-жігерінің көрінісі. Әрбір тұрғын өз даусымен қаланың ертеңіне үлес қосады», – деді спорт саңлағы.

Сонымен қатар, ол тұрғындарды сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауға үндеді.

«Біздің күшіміз – бірлікте. Сондықтан баршамыз осы жауапты сәтте ел болашағы үшін дұрыс таңдау жасайық», – деп атап өтті Айбек Нұғымаров.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив