Абай облысының әкімі Берік Уәли дауыс берді
Семей қаласында еліміз бойынша алғаш рет қала әкімін тікелей сайлау өтіп жатыр.
Қала аумағында барлығы 129 сайлау комиссиясы жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 1-уі аумақтық және 128-і учаскелік комиссия. Сайлаушылар саны – 220 761 адам.
Облыс әкімі Берік Уәли қала жұртшылығымен бірге Медициналық университетте орналасқан №93 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
«Бүгін – Семей қаласы тарихындағы ерекше күн. Қала тұрғындары тұңғыш рет өз әкімін тікелей дауыс беру арқылы сайлайтын болады. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған саяси реформалардың нақты жүзеге асуының айқын көрінісі. Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен басқару жүйесін демократияландыру бағытындағы жаңа қадамдар бүгінде нақты іс жүзінде көрініс табуда. Семейліктер, соның ішінде жастар мен аға буын өкілдері таңертеңнен бері сайлау учаскелеріне келіп, азаматтық белсенділік танытып жатыр. Бұл – елдегі саяси мәдениеттің өсіп келе жатқанын, халықтың өз қаласының тағдырына бей-жай қарамай, жауапкершілікпен қарай бастағанын көрсетеді. Облыс орталығының әкімін тікелей сайлау – тұрғындар мен мен жергілікті билік арасындағы сенімді нығайтатын жаңа дәуірдің бастауы», – деді аймақ басшысы.
Сайлаушыларға барынша қолайлы жағдай жасалған. Сайлау учаскелері пандустармен, тактильді бағыттағыштармен және арнайы белгілермен жабдықталған. Сайлау процесі сағат 7:00-де басталып, 20:00-де аяқталады. Облыс орталығын басқаруға 3 үміткер қатысуда.
Тағыда оқыңыз
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзі