Абай облысында 610 спорт нысаны жұмыс істейді

Биыл Көкпекті ауылындағы жүзу бассейні, Алғабас ауылындағы спорт кешені және Ауезов ауылындағы модульдік спорт залы пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Курчатов, Бесқарағай, Бородулиха, Қопа, Көкбай ауылдарында спорт нысандарының құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақыт Бекбосынов кеңінен тарқатты.
- Спорттық инфрақұрылымды дамыту бағытында облыста 610 спорт нысаны жұмыс істейді. Демеушілер мен инвесторлардың қолдауымен Үржар ауданында жаңа спорт залы, Семей қаласында жабық футбол манежі салынуда. Алдағы жылдары Семей қаласында 25 мың көрерменге арналған заманауи стадион, мұз сарайы және жекпе-жек орталығының құрылысы жоспарланған, - деді спикер.
Мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында 2025 жылы облыс бойынша 5469 бала 91 спорт секциясымен қамтылды.
- Жалпы алғанда, өңірде бұқаралық спортты дамыту мен спорт инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Алдағы үш жылда халықты спортпен жүйелі қамту деңгейін 48%-ға, спорттық инфрақұрылымды қамтамасыз ету көрсеткішін 61%-ға жеткізу көзделіп отыр. 2026 жылға қарай облыс көлемінде 500-ден астам спорттық-бұқаралық іс-шара өткізу жоспарланған, - деп түйіндеді Бақыт Бекбосынов.
Тағыда оқыңыз
Абай облысында 610 спорт нысаны халық игілігіне қызмет етудеАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіАбай облысында келер жылы 12 спорт нысанын ашу жоспарланудаАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ