Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
462.91 542.16 6.16

Семейде көпқабатты 18 тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр

23-10-2025, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданында 9 қабатты 18 тұрғын үйдің құрылысы жүзеге асырылуда. Қала әкімі Әділет Қожанбаев құрылыс барысымен танысты.

Қазіргі уақытта «Отбасы банк» АҚ арқылы қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл тұрғындарға жеңілдетілген шарттармен баспана алу мүмкіндігін береді.

Жалпы 18 тұрғын үйде 1056 пәтер қарастырылған.

«Семей қаласында бүгінде 14 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр. Сол себепті тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Бұл жоба мыңдаған отбасының өз баспанасына қол жеткізуіне мүмкіндік бермек», - деді Әділет Қожанбаев.

Қала басшысы мердігерлерге құрылысты мерзімінде әрі сапалы аяқтау туралы нақты тапсырма берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив