Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
538.11 623.51 6.61

Қала басшысы Ерасыл Қажыбаевты құттықтады

Бүгін, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Қала әкімі Әділет Қожанбаев «Қазақстан Барысы» турнирінде күміс белбеу иегері атанған Ерасыл Қажыбаевты арнайы қабылдап, жетістігімен құттықтады.

Ерасыл Қажыбаев — Семей қаласының және бүкіл Абай облысының мақтанышы. Ол 2024 жылы «Қазақстан Барысы» атағын иеленіп, ел намысын абыроймен қорғаған болатын. Биылғы додада да өзінің мықтылығын тағы бір дәлелдеп, күміс белбеуге ие болды.

Қала басшысы палуанның табандылығы мен қажырлы еңбегін атап өтіп, оның жеңісі жастарға үлгі екенін айтты.

«Сіздің әрбір жеңісіңіз — жас буынға рух беретін, ел намысын қорғауға жігерлендіретін жарқын үлгі. Семей қаласының атынан шын жүректен құттықтаймын!», — деді Әділет Қожанбаев.

Кездесу барысында Ерасыл Қажыбаев алдағы спорттық жоспарларымен бөлісіп, жаттығу барысы мен халықаралық деңгейдегі жарыстарға дайындық жайында сөз етті. Әкім палуанға сәттілік тілеп, өңір спортын дамыту бағытында жас спортшыларға қолдау көрсету жалғасатынын жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив