Cемей4°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
535.83 624.94 6.69

Республика күніне арналған салтанатты шара жоғары деңгейде өтті

25-10-2025, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Cемей қаласында Ұлттық мереке – Республика күніне орай «Жасай бер мәңгі – Қазақстан!» салтанатты мерекелік шара өтті. Айтулы жиын Мәдениет сарайында ұйымдастырылды. Салтанатқа қала әкімі Әділет Қожанбаев, сондай-ақ қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Мерекелік жиында сөз сөйлеген қала басшысы барша қала тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады.

«25 қазан – еліміздің тарихындағы ерекше мерейлі күн. Дәл осы күні Қазақстан Республикасының егемендігі туралы декларация қабылданып, Тәуелсіз мемлекет болудың алғашқы қадамы жасалды. Бұл күн – халқымыздың азат рухы мен ел болашағына деген сенімінің символы. Республика күні – мемлекетіміздің тұтастығын, бірлігіміздің берік екенін айқындайтын ұлық мереке. Бұл күн бізге ел тағдырына жауапкершілікпен қарап, тәуелсіздікті сақтау мен дамыту жолында біріге әрекет ету қажеттігін еске салады», - деді әкім.

Салтанатты кештің басты сәттерінің бірі – марапаттау рәсімі болды. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, мәдениеті мен қоғамдық өміріне елеулі үлес қосқан, қалаға еңбегі сіңген тұлғалар қала әкімінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталып, құрмет көрсетілді. Сондай-ақ, концертте қазақ эстрадасының танымал өнерпаздары – «Алатау серілері» тобы ән шырқап, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Салтанатты шара Семей халқының бірлігін, Отанға деген сүйіспеншілігін және ұлттық құндылықтарға деген құрметін айшықтап, мерекенің мәнін арттыра түсті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив