Абай ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі
 
        
        
        
    Құрметті Абай ауданының тұрғындары мен қонақтары!
2025 жылғы 9 қыркүйек күні Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу жүргізіледі. Бұл іс-шара ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған және төтенше жағдай туындаған жағдайда мемлекеттік органдардың жедел әрекет ету қабілетін тексеруге мүмкіндік береді.
Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал нысандарда болуы мүмкін түрлі жағдайлардың дамуы моделденіп, қауіп-қатердің алдын алу мен залалсыздандыру шаралары пысықталады. Осыған байланысты автокөлік қозғалысына шектеулер қойылуы және қоғамдық тәртіпке қатысты уақытша қолайсыздықтар орын алуы мүмкін.
Аудан тұрғындары мен қонақтарын түсіністік танытуға, қауіпсіздік талаптарын сақтауға және оқу-жаттығуға тартылған арнайы қызмет өкілдерінің заңды нұсқауларын мүлтіксіз орындауға шақырамыз.
Қауіпсіз қоғам құру – баршамызға ортақ міндет.
Абай ауданы терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы
